Күту залында отырғандай болдық ))
Бізге айылықты негізі бухгалтер қалаған уақытына береді да. Кейде айдың басында кейде соңында. Кейде мүлдем ұмытып кетеді. Алдыңғы аптада елдер айлық сұрап шулаған кезде көзін бақырайтып:" Әлі уақыты болған жоқ қой",-дегені, хотя айлық алмағанымызға 1,5 айдың жүзі болған.
Содан қызығы ол айлықты берер уақыты да қызық, әйтеуір бір жұмада сағат 17 50 мен 18 00 дің арасында бір-бірлеп шақырып береді.
Біздікілер сол бір ай өткен соң әр жұма 17 00 ден кейін үйлеріне қайтпай айлықтың берер күнін күтіп отырамыз. ))) Ол апта бермесе, келесі аптада күту залында отырғандай тіз қатарынан тізіліп алып отырамыз. Бәрінің көзінде бір сұрақ:«бүгін айлық бола ма?» немесе тағы жынды бала ұқсап бекер отырмын ба деген?